Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып қалды
Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып, біреуінің алдыңғы бөлігі жанып кетті.
09:12 11.06.2023
10 маусымда сағат 22.25-те Абай көшесінің бойында автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабарлама 101 пультіне келіп түсті.
«Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 техника мен 7 қызметкер шықты. Олар 22.29-да оқиға орнына жетті. Көше бойында 4 автокөліктің соқтығысуынан «Toyota Estima» автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігі жанған. Автокөлікке газ орнатылғаны анықталды. Өрт 22.45-те толығымен сөндірілді. Адамдар аман», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!