Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың суреті жарияланды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Абай облысындағы өртте қаза тапқан орманшылардың суретін жариялады.
Фото: facebook/zulfiya.suleimen
09:45 11.06.2023
Бұл суретті Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Facebook парақшасында бөлісті.
"8 маусым күні сағат 22:00-де "Семей орманы" МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. 9 маусым күні сағат 13:00-де бізге үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабар алдық... Біз ғажайып болады деп үміттенген едік, бірақ болмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды", - деп жазды министр.
Сондай-ақ министр өртке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram