Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда жоғалған жас жігіттің денесі табылды
Алдын ала болжам бойынша оның басынан күн өтіп кеткен.
11:34 11.06.2023
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні сағат 14:20-да Павлодар ауданында Коряковка ауылы маңында тұзды көл жағасынан 2003 жылы туған жігіттің денесі табылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.
«Алдына ала болжам бойынша марқұмның басынан күн өкен. Жанында олимпиадалық рюкзак, ұялы телефон және құлаққап болды», – деді департамент.
Естеріңізге сала кетейік, Рауан Махмудов 7 маусым күні Павлодар қаласында үйінен белгісіз бағытта қызыл жолақтары бар қара велосипедпен шығып кеткен, рюкзагы болған. Куәгерлер оны Успен тасжолында көргенін айтқан. Еріктілер екі күн қатарынан сол жақтағы бүкіл ауылдарды аралап шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram