{metadescription}
Абай облысында эвакуацияланған тұрғындардың үйлерін полицейлер күзетуде –ІІМ

Абай облысында эвакуацияланған тұрғындардың үйлерін полицейлер күзетуде –ІІМ

Абай облысындағы алапат орман өрті қаупінен эвакуацияланған ауыл тұрғындарының үйлері мен жеке мүлкі полицейлердің қарауында.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті.

«Абай облысындағы жағдай әлі де күрделі. Тәуекел аймақтарында төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге полицейлер және Ұлттық ұланның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрт аумағынан көшірілген елді мекен тұрғындарының үйлерін, жеке мүлкі мен шаруашылық қожалықтарын тәртіп сақшылары күзетуде», - деді Ақтоты Боранов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, бүгінде Абай облысының Бородулиха ауданына қосымша күштер жіберілді.

«Тәртіп сақшылары көліктер қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр», - дейді ол.

Бұған дейін Абай облысындағы өртке байланысты қанша және қандай ауыл тұрғындарының эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде