{metadescription}
Қай өңірлерде жол апаттары жиі болады

Қай өңірлерде жол апаттары жиі болады

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова брифинг барысында жол апаты салдарынан өлім-жітім жиі болатын өңірлерді атады.

«Қала сыртындағы жол апаттардан өлім-жітім Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында көп болады. Мысалы, 2023 жылдың 9 маусымында Жамбыл облысында, «Алматы – Ташкент» автожолында «Lexus570» маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол жиегіндегі жыраға аударылған. Апат салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деді Ақтоты Боранова.

Сондай-ақ ІІМ өкілі жол бойындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып өтті.

«Жазғы каникулда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдаушылық туғызады. Жыл басынан еліміз жолдарында кәмелетке толмаған балалар отырған көліктер 1 046 рет жол апатына түскен. Оның салдарынан 72 бала қаза тауып, 1152 бала жарақат алды. Өкінішке қарай, күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, 10-нан астамы зардап шегеді. Апаттан мерт болған балалардың 67%, яғни жартысынан астамы жолаушылар, ал қалған бөлігі жаяу жүргіншілер», - дейді ол.

. Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде