Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Аптап және жел: 15 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 15 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
08:09 15.06.2023
Жоғары қысымның әсерінен елдің басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста фронттардың ықпалымен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, оңтүстікте дауыл тұрады.
Республика бойынша жел күшейеді, орталықта, күндіз батыста шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық болады.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram