{metadescription}
Алматыда әл-Фараби даңғылы жөндеуден өтеді

Алматыда әл-Фараби даңғылы жөндеуден өтеді

Биыл Алматыда әл-Фараби даңғылының 9 шақырымнан асатын бөлігі орташа жөндеуден өтеді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл әл-Фараби дағылының Торайғыров көшесіндегі жолайрықтан Достық даңғылындағы жолайрыққа дейінгі аралықтағы жалпы ұзындығы 9,3 шақырымды құрайтын бөлікте орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары көлік қозғалысын ішінара шектеу арқылы жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында жолдағы жиектастарды тегістеу қарастырылған. Тегістеу кезінде жиектастар алынып, жолдың бойында тиісті деңгейде қайта орнатылады. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта 34 500 м жиектас болса, оның тек 7683 метрі ғана алынып, сол жерге қайта орнатылады», - деп хабарлады әкімдік.

Мердігерлер атап өткендей, жиектас ауыстырылмайды, себебі олар граниттен жасалған және өте төзімді. Олар тек тегістеледі.

«Тегістеу дегеніміз – қисайған жиектастарды алып, қайта орнына орнату. Жол қозғалысы кезінде жиектастарға машиналар тиіп кетуі мүмкін немесе арнайы техника қар тазалау кезінде қисайтып кетуі мүмкін. Жиектас пен жол жабынының арасындағы саңылаулар жол бетінде жарықтардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Жұмыс сапасын арттыру үшін асфальтбетон жабынын төсер алдында жиектастар тегіс әрі тік тұруы тиіс», - деді мердігер компания өкілі.

Еске салсақ, әл-Фараби даңғылы бұған дейін 2010 жылы жөндеуден өткен.

«Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталып, жолдың жағдайы бойынша техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде аталған учаскелерді орташа жөндеу жұмысы жоспарына қосылды», - деп хабарлады әкімдіктен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде