Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 256-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Пальмес дель Мар (Пуэрто-Рико) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
09:03 15.06.2023
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 340-ракеткасы, америкалық Эван Чжумен ойнады.
Бірінші партияда брейк жасаған америкалық спортшы басымдылық танытты - 6:4.
Есесіне содан кейін Бейбіт жеңістік бермеді - 7:5, 6:2.
Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Жұқаев 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыласы 6 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 617-сатыдағы канадалық Лиам Драксльмен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 242-орынға көтерілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram