{metadescription}
Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған

Шымкент тұрғындары Chia Tai Tianging Group қаржылық пирамидасына 80 миллион теңгеден астам ақша құйған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Chia Tai Tianging Group қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі департаменті жүргізіп жатыр.

"2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған. Қазіргі уақытта күдікті сот шешімімен үйқамаққа алынды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді" - делінген хабарламада.

Қаржы мониторнигі агенттігі қаржылық пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.

Еске сала кетейік, сәуір айында Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі Алматыдағы Chia Tai Tianging қаржылық пирамидасына қатысты соталды тергеуді бастағанын хабарланған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.