{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы жағдайға түсінік берді

Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы жағдайға түсінік берді

2022 жылдың қорытындысы бойынша теңгедегі салымдар 22 пайызға артты.

Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

«Қабылданған белсенді шаралар қаржы жүйесінің тұрақсыздануын болдырмауға және теңгедегі активтерге деген сенімді сақтауға мүмкіндік берді. Валюта саудасының нарықтық қағидаттарын кеңейту, Ұлттық банктің іс-әрекеттерінің транспаренттілігін арттыру есебінен валюта нарығының балансын жақсартуға мүмкін болды. Былтырғы наурыз айындағы айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512 теңгеден жоғары рекордтық мәнге дейін әлсірегеніне қарамастан, жыл соңына қарай 462,7 теңгеге дейін 9,7 пайызға нығайды. Бұл тұрғыда валюта нарығы қалпына келді», - Ғ. Пірматов.

Оның айтуынша, 2022 жылы Үкіметпен бірлесіп теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы төлеуді ескерген.

«Бөлінген өтемақының жалпы сомасы 306,6 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде теңгедегі салымдар 2022 жылдың қорытындысы бойынша 21,2 трлн теңгеге дейін, яғни 22 пайызға артты. Ал долларды пайдалану деңгейі 31,6 пайызға дейін төмендеді. Биыл теңгедегі салымдар 21,4 трлн теңгеге дейін өсті. Депозиттегі доллар деңгейі 30% межеден төмендеп, 29,3% құрады. Осы орайда ол кейінгі 15 жылдағы минимумға жетті», - деді ҰБ басшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.