Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда ВИЧ тараған ауруханада эпидемиологиялық тергеу басталды
Алматы қаласындағы ауруханада науқастардың адамның иммундық тапшылық вирусын (АИТВ/ВИЧ) жұқтырып алуына байланысты эпидемиологиялық тергеу басталды.
Фото: elements.envato.com
12:44 15.06.2023
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«Былтыр иммундық тапшылық вирусымен 4 мың адам ауырды. Оның арғы жылында 3,5 мың жаңа жағдай тіркелген болатын. Алматыдағы жағдай бойынша ақпарат келіп түсті. Комиссия жібердік. Біз аурухана ішінде вирус тарауына жол бергіміз келмейді. Тексеру өткен соң толыққанды ақпарат береміз», - деді ведомство басшысы Сенатта тілшілерге.
Сондай-ақ ол аталған комиссия құрамында министрліктің ең үздік мамандары бар екенін айтты.
«Енді толыққанды эпидемиологиялық тергеу жүргізуіміз керек. Аурухана ішінде таралмау үшін инфекцияның ошағын тауып, жұқтыру жолдарын анықтау қажет. Министрлік пен комитеттердің ең үздік мамандары сол жаққа жіберілді», - деді министр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram