Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
2,5 айға жуық іздеуде болған СҚО тұрғыны табылды
Солтүстік Қазақстан облысында 2,5 айға жуық уақыт хабарсыз болған Нариман Нұрсейітов аман-есен табылды.
16:21 15.06.2023
Қызылжар ауданы Чапаев елді мекені тұрғынының аман-есен табылғандығы жөнінде СҚО волонтерлері хабарлады. Елу жастағы Нариман Нұрсейітов 26 наурыз күні үйінен Петропавлға жолға шығып, содан ер адамнан хабар үзілген еді.
Ал Алматы тұрғыны Мералим Марсланович Таиров бір айдан артық табылмай жатыр. Волонтерлердің айтуынша, 34 жастағы жігіт 9 сәуір күні жұмыс істеп, ақша табу үшін Алматыдан Петропавлға аттанған. Соңғы рет анасымен 15 сәуір күні телефон арқылы хабарласқан екен.
Мералимнің бойы 175-180 см шамасында, денелі келген, қой көзді, қысқа қара шашын ақ шалған, сол қолына тату сурет салынған. Мұрнының үстінде тыртығы бар.
Өзімен бірге киім-кешек салған сөмкесі, құжаттары мен ұялы телефоны болған.
Мералим Таировты көрген-білгендер 8 701 375 92 91, 8 702 731 95 38 немесе 102 телефон нөміріне хабарласа алады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram