Қор нарығында доллар бағамы тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
18:09 15.06.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,70 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 451, 82 теңге.
Ұлттық банктің 15 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450, 16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,35 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 449,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 453 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450,2 теңге, сатып алу құны– 454,2 теңге.
Ресей рублі 5,32 - 5, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!