{metadescription}
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 9,6% қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 9,6% қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 9,6% өсті.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

13 маусымдағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың елдегі орташа бағасы: күріш – бір келісі үшін 431 теңге, макарон өнімі – келісі үшін 314 теңге, қырыққабат – келісі үшін 138 теңге.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.