Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді
Алматыда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Zakon.kz
14:38 16.06.2023
«2022 жылдың желтоқсанында Алатау ауданындағы «Мәдениет» ықшамауданында 1500 орындық жаңа мектеп салу есебінен үш ауысымдағы соңғы №196 мектеп жойылды. Орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, 2030 жылға дейін бір ауысымды оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды», - деді басқарма басшысы.
Айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарда. Сондай-ақ, 5570 орындық 11 нысан іске қосылады.
«Атап айтар болсам, бюджет есебінен «Қайрат» ауданында 1500 орындық бір мектеп салынады. 920 орын № 48, №148, №112, №9 мектептерге қосымша құрылыс жүргізу арқылы ашылады. 3150 орындық 6 жекеменшік мектеп ашу көзделіп отыр»,- деді Ләззат Жылқыбаева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram