{metadescription}
EGov.kz жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты қызметтерді уақытша тоқтатты

EGov.kz жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты қызметтерді уақытша тоқтатты

EGov.kz порталы жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты қызметтерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов базаны біріктіруге байланысты үш күн бойы EGov.kz порталының кейбір қызметтері қолжетімсіз болатынын мәлім етті.

«16-18 маусым аралығында жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты қызметтер көрсетілмейді. Біз бұл аралықта жер және жылжымайтын мүлік бойынша деректер базасын біріктіреміз», - деді Әсет Тұрысов ведомствода өткен брифингіде.

Спикердің сөзінше, Цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы және Әділет министрліктері бірлесіп, жер және жылжымайтын мүлік бойынша бірыңғай ашық деректер базасын жасақтаған. Ол «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесіне көшу үшін құрастырылды.

Осыған байланысты 16-18 маусым аралығында деректерді жаңа ақпараттық жүйеге көшіру жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде