Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08:40 18.06.2023
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 маусымда Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) жетуі қиын таулы жерде өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпып жатыр.
Алдын ала дерек бойынша тілсіз жау тараған аумақ – 15 гектар. Өртті сөндіруге «Қазавиаорманды қорғау» қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды.
«Барлығы 111 адам, 3 техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеуде. Жалынмен күреске жұмылдырылған адамдар сол жерге тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары