Алматыда гараж бен дәмхана өртеніп жатыр
Алматыда гараж бен дәмхана өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20:34 19.06.2023
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданы, Жетісу-3 ықшам ауданы, 1/б мекенжайынада гараж өртеніп, от дәмхананың шатырына қарай ұласқан.
«Өрт сөндіру бригадасы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Оқиға орнына келіп жеткен төтеншеліктер гараждың өртеніп, оттың дәмхана шатырына ұласқанын анықтады»,- деп хабарлады ведомстводан.
Өртті сөндіруге 18 техника мен 18 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір от шарпыған аумақ нақтыланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!