Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан Еуро-2024 іріктеу турында сырт алаңда Солтүстік Ирландияны жеңді
Қазақстан Еуро-2024 іріктеуінің төртінші турында Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы ойын өткізді.
08:49 20.06.2023
Матч Белфас қаласында өткен. Кездесу текетіреске толы болғанымен, 1:0 есебімен Қазақстан жеңісімен аяқталды.
Жалғыз голды ойынның 88-минутында Абат Айымбетов салды. "Астана" командасының шабуылшысы допты өз алаңында алып, қарсыластың қақпасына қарсы жүгірген. Қос қорғаушыдан өтіп, есеп ашты.
Төрт тур бойынша Қазақстан құрамасы 9 ұпай жинаған. Ал Солтүстік Ирландия еншісінде 3 ұпай бар.
Келесі ойынды Қазақстан 7 қыркүйекте Финляндияға қарсы өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram