{metadescription}
Атырау облысында полигонда қоқыс өртеген серіктестік айыппұл төледі

Атырау облысында полигонда қоқыс өртеген серіктестік айыппұл төледі

Атырау облысында полигонында қоқыс өртенген серіктестік айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой ауданындағы «Промэкология» ЖШС-нің өндірістік полигонында өндірістік және тұрмыстық қалдықтар өртенген. Әлеуметтік желіде полигондағы қара түтіннің будақтағаны түсірілген видео тарады.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, полигон аумағында ағаш жаңқалары тұтанған. Кейін қатты желдің салдарынан жалын ескі шиналар жиналған алаңға тараған. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Осыған байланысты облыстық экология департаментіне Жылыой ауданының прокуратурасынан қатынас хат пен жергілікті тұрғын М.Нұрғазиевтің өтініші түсті. Департамент мамандары тексеру жүргізіп, «Промэкология» ЖШС-нің полигонындағы жанған қалдықтар үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Серіктестікке қысқартылған түрде 86 мың 250 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл өндіріліп алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде