{metadescription}
Қазақстан Германияға айына 100 мың тонна мұнай экспорттамақ

Қазақстан Германияға айына 100 мың тонна мұнай экспорттамақ

Қазақстан Германияға айына 100 мың тонна мұнай экспорттамақ. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бастапқыда шағын көлеммен, айына шамамен 20 мың тоннамен бастаған едік. Қазіргі уақытта қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде Қазақстан мұнайын ай сайын 100 мың тоннаға ұлғайту жоспарда бар. Бүгінде «Достық» мұнай құбырына қатысты келісімге қол қойылған», - деді Алмасадам Сәтқалиев Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министр аталған құбырмен Германияға бұған дейін мұнай сынама ретінде жіберілгендігін атап өтті.

«Яғни, сыртқы нарыққа мұнайды үлкен көлемде жеткізу мүмкіндігін зерделеп жатырмыз. Аталған жеткізілімнің қорытындысында оның көлемін арттыру жайында айтуға болады», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде