{metadescription}
Ұлытау облысында 89 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз саудалаған тұрғын ұсталды

Ұлытау облысында 89 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз саудалаған тұрғын ұсталды

Сәтпаев қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Ол акцизделетін темекі өнімдерін есепке алмай, маркасыз сақтаған және өткізген.

Бұл деректі ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнын тексеру, сондай-ақ тінту нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеден астам түрлі маркадағы 140 мыңнан астам қорап темекі өнімі табылып, көлеңкелі айналымнан алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201 бапқа сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде