{metadescription}
Тоқаев: Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады

Тоқаев: Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады

Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Ақордада Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Мемлекеттеріміздің экономикасы көп жағдайда бір-бірін толықтырады. Технологияларды шикізатқа алмастыру формуласына негізделген қатынас екі тарап үшін нәтижелі болмақ. Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі геосаяси және геоэкономикалық кезеңде аса маңызды. Неміс тарапының өтініші бойынша Шведт қаласында мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту соның нақты мысалы. Жоспарланған шараларды тиімді жүзеге асыру үшін Штайнмайер мырзамен талқыланған бірнеше мәселені шешу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, соның бірі – көлік-логистика байланысын күшейту.

«Бүгінде орта дәліз деп аталатын Транскаспий халқаралық көлік бағытының маңызы артып келе жатыр. Біз мұны кездесу барысында ерекше атап өттік. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді Штайнмайер мырза Батыс елдерінің басшылары ішінде осы өңірге бірінші болып барғалы отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.