{metadescription}
Қазақстанмен тығыз серіктестікті қалаймыз – Германия Президенті

Қазақстанмен тығыз серіктестікті қалаймыз – Германия Президенті

Қазақстан Германия үшін өңірдегі маңызды экономикалық серіктес саналады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасау барысында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанмен және Орталық Азия мемлекеттерімен үлкен, барынша тығыз серіктестікті қалаймыз. Президент Тоқаевпен елдеріңіздегі ахуалды ашық әрі барынша жан-жақты талқыға салдық. Қазақстан Германия Федеративті Республикасы үшін саясат, мәдениет, сонымен қатар экономика салаларында ортаазиялық өңірдегі басты серіктес саналады. Таяу жылдары қарым-қатынасты одан ары нығайта түскіміз келеді», - деді Германия Президенті.

Сонымен қатар Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан Германияның өңірдегі маңызды серіктесі екендігін баса айтты.

«Германияның Орталық Азия елдерімен сауда-саттығының 80 пайыздан астамы сіздердің елдеріңізге тиесілі», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде