Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда Жайыққа батып бара жатқан шетелдік азамат құтқарылды
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға 20 маусымда болған.
09:36 21.06.2023
«Төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару жасағының байланыс номеріне жергілікті уақытпен сағат 14:20-да Атырау қаласының тұрғыны хабарласып, Жайық өзеніне ер адам батып бара жатқанын айтты. Ер адам өзеннің арнайы жабдықталмаған жеріне шомылуға түскен. Ол судың орта тұсына жүзіп барып, кері орала алмаған. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары Ж.Арманов, Е.Қалабаев пен С.Мұхамеджанов жедел жетіп, ер адамды құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Құтқарылған ер адам Өзбекстан Республикасының 55 жастағы азаматы екені анықталды. Ол суға алкогольдік ішімдік ішіп түскен.
«Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына су айдындарындағы арнайы жабдықталған жағажайларда шомылу қажеттігін ескертеміз. Мас күйде шомылуға болмайды. Қайыққа, не кемеге жақын жерде жүзу қауіпті екенін ескеру керек. Жүзе алмаған жағдайда үрлемелі матрас пен камераны, не арнайы тақталарды пайдаланбаған жөн. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайды», - деп мәлім етті ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram