{metadescription}
Астанада марқұм болған және қалада тұрмайтын адамдарды емханаға тіркеп қойған

Астанада марқұм болған және қалада тұрмайтын адамдарды емханаға тіркеп қойған

Астанада қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді.

Соның барысында емханалардың қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.

Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы ауруы бар пациенттерге дәрі-дәрмекті уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.

Тексеру нәтижесі бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

12,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.