{metadescription}
Президент Халықаралық волонтерлер форумына қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
Фото: akorda.kz
10:08 21.06.2023
Форум 30-дан аса елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ.
Сонымен қатар, жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!