{metadescription}
Досаев Алматыдағы ауруханада науқастардан АИТВ анықталуына қатысты пікір білдірді

Досаев Алматыдағы ауруханада науқастардан АИТВ анықталуына қатысты пікір білдірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуінде АИТВ індетін жұқтырған науқастар анықталғаннан кейін орталық клиникалық аурухана басшылығына қандай шара қолданылғанын және медицина қызметкерлері неліктен әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатыр деген сауалға жауап берді.

Ерболат Досаев бүгінде тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, бекітілген ережеге сәйкес, қалалық ЖИТС орталығымен бірлесе жұмыс жүргізіліп, реанимация бөліміне түскен реципиенттер, медицина қызметкерлері және басқа да науқастар тексерілді.

«Осыдан кейін 13 маусым күні олар ережеге сәйкес Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 14 маусым таңертең қажетті кезектен тыс тексерулер белгіленді, жұмыс бүгінде жалғасуда. Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Біреуді жұмыстан босату үшін алдымен оның қайдан келгенін анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған бойда бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайтын болады. Барлығын бақылауда ұстаймыз», - деді әкім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.