{metadescription}
Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша болды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге болды.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 299 мың адам зейнеткер бар.

"2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңге болған еді.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.