{metadescription}
ШҚО-да жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті

ШҚО-да жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті

20 маусымда Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.

«Тыйым салынған белгілер - бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін қажет ақпарат. Олар күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

ШҚО ТЖД судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ұмытпауды, сіздің өміріңіз осыған байланысты екенін еске салады. Демалушылар мына жайттарға жол бермеуі қажет:

- шомылу үшін рұқсат етілмеген су айдындарын таңдау;

- ешбір жағдайда мас күйде суға түспеу;

- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға секіру қауіпті;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тыйым салынады;

- тәуекелге бармаңыз және өз күштеріңізді асыра бағалап, алысқа жүзбеңіз.

Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.