{metadescription}
БҚО-да баланың қолы арматураға қысылып қалған

БҚО-да баланың қолы арматураға қысылып қалған

Батыс Қазақстан облысында қолы арматураға қысылып қалған 12 жасар бала құтқарылды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 маусым күні кешкісін Теректі ауданы Пойма ауылында болды.

«Сағат 17.28-де 101 пультіне Шевченко көшесіндегі мекенжайдан шақырту келіп түсті. Май зауыты аумағында 2011 жылғы баланың қолы арматураға қысылып қалғаны анықталды. Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың қолын арматурадан босатып, сағат 18.20-да жұмысты толықтай аяқтады. Құтқарылған бала жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оқиға орнында БҚО ТЖД жедел құтқару жасағынан 4 қызметкер 1 техникамен жұмыс атқарды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.