Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Төреғали Төреәлі изолятордағы жазасына тағы үш күн қосып алды
Әнші Төреғали Төреәлі қосымша бірнеше күнге қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
21:10 21.06.2023
Соттан мәлім еткендей, қазақстандық әнші Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 613-бабы, 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін) бойынша қосымша жауапкершілікке тартылды.
«Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың (Төреғали Төреәлидің тегі – авт) есірткіге мас күйінде автокөлікті жүргізгенін анықтады. Ол патруль полициясының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамады», - деп хабарлады соттан.
Нәтижесінде Төреғали Төреәл«кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылады.
Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені белгілі болды.
Сол күні есірткіге масайған көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram