Әлихан Смайылов Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Баку қаласында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Фото: t.me/Kzgovernment
15:24 22.06.2023
Еске сала кетейік, Үкімет басшысы ресми сапармен Баку қаласында жүр.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Гейдар Әлиевтің зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне де гүл шоқтарын қойды.
Құрметті адамдар жерленген аллея Баку қаласының таулы бөлігінде орналасқан. Мұнда Әзербайжан елінің көптеген көрнекті ғылым және мәдениет қайраткері, саясаткерлері, қоғам қайраткерлері жерленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!