Қарағанды аттракционындағы кісі өлімі: Нұсқаушыға шыққан үкім жеңілдеді
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Шахтинск қаласының 34 жастағы тұрғыны қаза тапқан «роумпджампинг» аттракционының нұсқаушысының үкімін өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16:39 23.06.2023
Қарағандыда биіктен секіруді ұйымдастырған «Fly Kazakhstan» фирмасының нұсқаушысының жзасы жеңілдеді.
Жеңілдету тек колония режиміне қатысты, жазаны өтеу мерзімі өзгеріссіз қалды.
«Қазыбек би аудандық сотының 2022 жылғы 1 тамыздағы М-ға қатысты үкімі өзгертілсін, яғни жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтесін», - делінген сот қаулысында.
2021 жылы 10 қазанда 33 жастағы Евгения Леонтьева «Созвездие» қонақ үйінің төбесіндегі роумпджампинг аттракционына барып, биіктен секірген болатын.
Алайда, дұрыс бекітілмеген сымнан ол бетон қоршауға құлап, ауруханада қайтыс болды.
Бұл іс бойынша 2022 жылдың тамыз айында сот нұсқаушыға үкім шығарған болатын.
Ол Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сотталды.
Қазыбек би аудандық сотының судьясы оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік колониясына 4 жылға қамау жазасын тағайындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!