{metadescription}
Франциядағы тәртіпсіздік кезінде 470-тен астам адам ұсталды

Франциядағы тәртіпсіздік кезінде 470-тен астам адам ұсталды

Францияның құқық қорғау органдары жұма күні тәртіпсіздік басталғаннан бері 471 адамды ұстады.

BFMTV телеарнасы ішкі істер және шетелдегі аумақтар министрі Жеральд Дарманенге сілтеме жасап хабарлағандай, бұған дейін 270 адам ұсталғаны туралы ақпарат берілген, соның ішінде 80-нен астам адам Марсельде ұсталған. Жұма күні кешке Марсель мэрі Бенуа Паян министрден қалаға дереу қосымша тәртіп күшін жіберуді талап етті.

«Марсельде тонау мен зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Мен бұл вандализм әрекеттерін қатты айыптаймын», - деп жазды ол Twitter-де.

БАҚ хабарлауынша, қала үстінде барлау ұшағы мен жандармерия тікұшағы ұшып жүр, ал көшелерде қару орнатылған құрышты автомобильдер жүр. Agence France-Presse мәліметінше, билік көшедегі тәртіпсіздікті басуға маманданған полиция қызметкерлерін жіберуі мүмкін. Бұған дейін қалада ондаған дүкен, соның ішінде қару-жарақ дүкенін тоналған болатын. Кейінірек ұрылардың бірі ұсталып, одан аңшылық мылтық табылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.