{metadescription}
Алматыда кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгерді

Алматыда кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгерді

Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты №38, №119, №102 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді:

- №38A оңтүстік бағытта (айналма жолмен) - Мұстафин көшесі - Саин көшесі (айналма жолмен) - одан әрі схема бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз;

- №119 маршрут - солтүстік бағытта - Асқаров көшесі - Садықов көшесі -Саин көшесі - одан әрі схема бойынша, кері бағытта - өзгеріссіз.

Сондай ақ Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

- Солтүстік бағытта- Шұғыла көшесі-Әлмерек абыз көшесі - Қожаханов көшесі- Бенберин көшесі- одан әрі схема бойынша; - Оңтүстік бағытта-Бенберин көшесі - Қожаханов көшесі- Әлмерек абыз көшесі-Шұғыла көшесі- одан әрі схема бойынша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде