{metadescription}
ШҚО-да Серебрянск қаласының әкімі сайланды

ШҚО-да Серебрянск қаласының әкімі сайланды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Серебрянск қаласының әкімі болып Нұргүл Бақынова сайланды.

2 шілде күні Серебрянск қаласы әкімінің сайлауы өтті. Соның нәтижесі бойынша шаһар басшысы қызметін енді Нұргүл Бақынова атқарады. Бұл Серебрянск қаласының тарихындағы алғашқы әйел әкім болып отыр.

Нұргүл Асанқызы 1977 жылы Абай облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2020 жылға дейін мұғалім болып еңбек етті. 20 жылға жуық еңбек өтілінде Шығыс Қазақстандағы мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ берді. Соңғы жұмыс орны - Алтай ауданы Полянское ауылындағы орта мектеп.

2020 жылдың маусым айынан Парыгин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған. Биыл ол Серебрянск қаласының әкімі лауазымына өз кандидатурасын ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.