{metadescription}
Франциядағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазақстандықтар бар ма

Франциядағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазақстандықтар бар ма

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Францияда болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер бойынша сондағы отандастарымыздың тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Франциядағы тәртіпсіздіктер бойынша бізге зардап шеккендер немесе көмек сұрағандар туралы хабар келіп түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Тәртіпсіздіктер тек 1-2 қаласында, ал жалпы Францияда тыныш», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Францияда жасөспірім өлімінен кейінгі ереуілде ұсталғандар саны 421 жеткен болатын. Мұнан соң 470-тен астам адам ұсталғаны туралы айтылды.

Одан бөлек, Франция президенті палата төрағалары мен 220 муниципалитет мэрін қабылдайтыны хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде