{metadescription}
Асхат Чапариев Жетісу облысының санитариялық бақылау департаментінің басшысы болды

Асхат Чапариев Жетісу облысының санитариялық бақылау департаментінің басшысы болды

Асхат Чапариев Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Асхат Чапариев 1982 жылы Сарқан ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін гигиенист және эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Талдықорған қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Сарқан ауданы бойынша эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы және Алакөл ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бері Алматы және Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде