Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы ұсталды
Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен депутат, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Б. табылып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді.
Фото: Instagram/pro.pravo.kz
09:51 04.07.2023
«2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды.
Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде», - делінген Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.
Д.Тұрлыхановтың ұлы Б. 2 шілде күні мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері - Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен болатын.
«2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен», - деген еді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram