{metadescription}
Өскемен тас жолында 44 жастағы адамды көлік қағып, мерт болды

Өскемен тас жолында 44 жастағы адамды көлік қағып, мерт болды

Алматы – Өскемен тас жолында 44 жастағы адамды көлік қағып, мерт болды.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында тіркелді. «Lexus ES 300» автокөлігін 34 жастағы ер адам басқарған. Ол «Алматы-Өскемен» тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.

«Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның иен далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.