Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында су шаруашылығындағы жағдай күрделі - министр
Бүгін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қызылорда облысындағы күріш алқаптарын азайтуға қатысты пікір білдірді.
Фото: primeminister.kz
17:43 04.07.2023
Оның айтуынша, Қызылорда облысында шілде айында күріш алқаптарын сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауы мүмкін.
«2023 жылы күрішті 83,9 мың гектарға егу жоспарланып, іс жүзінде 88,107 мың гектар егілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға артық. Айта кету керек, министрлік облыста күріш алқабын қысқарту қажет екенін бірнеше рет ескерткен болатын. Су тапшылығына байланысты Бассейндік инспекция тұрақты суаруға арналған лимитті қысқартты», - деді З. Сүлейменова.
Оның сөзіне қарағанда, Алматы және Жетісу облысы бойынша су шаруашылығындағы жағдай тұрақты. Осы облыстардағы барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.
«Жалпы Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы су шаруашылығындағы жағдай күрделі болып қала береді. Жағдай тұрақты бақылауда және Министрлік су тапшылығының салдарын жеңілдету үшін барлық қажет шараларды қабылдайды», - деді ведомство басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram