{metadescription}
Ақтөбенің орталығында төбелес болып, ер адам көз жұмды

Ақтөбенің орталығында төбелес болып, ер адам көз жұмды

Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан дәмхана маңында төбелес болып, бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Қазіргі кезде күдікті ұсталды, қамауда отыр.

Оқиға 3 шілде күні сағат 6:35-те тіркелген. Ақтөбе қаласы ПБ жедел басқару орталығына Әбілқайыр хан даңғылындағы №89 үйдің жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түседі.

«Полиция жасағы пышақ жарақатын алған ер адамды тапты. Жедел жәрдем оны Ақтөбе қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізді. Алайда, жәбірленуші алған дене жарақатынан қайтыс болды. Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, өткен аптада өңірде 173 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 56-сы - жеке мүлікті ұрлау, 29-ы - алаяқтық және 6 бұзақылық дерегі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде