Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Абай облысындағы дала өрті үш күннен кейін сөндірілді
Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
09:02 05.07.2023
«Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 07.15-те сөндірілді», - делінген мәліметте.
Кеше, сағат 19:00-де өрт оқшауланғаны туралы хабарланған болатын.
От 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған болатын.
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, тілсіз жау 910 гектарға жуық жерду шарпыды.
Өртті сөндіруге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram