{metadescription}
ШҚО-да өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

ШҚО-да өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстанда орман өртін сөндіру жұмыстары бойынша жедел шаралар қабылданды.

«Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 га алаңда құрғақ шөп пен бұталардың өрті сөндірілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылып, 72 рет су төгілді. Орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде