{metadescription}
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл жайында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

«Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бағаның өсімі айтарлықтай баяулады. Инфляцияның жылдық, айлық мәндері төмендеп келеді. Алайда, инфляцияның тұрақты бөлігінде баяулау қарқыны әлі де әлсіз. Жанар-жағармай мен тұрғын үй коммуналдық қызметтер бағасының көтерілуіне қатысты жаңалықтарға байланысты инфляциялық күтулер өсуді көрсетіп отыр», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, азық-түлік құнының төмендеуі, сауда-серіктес елдердегі бағалардың баяу өсімі және орталық банктер тарапынан мөлшерлемелердің артуы инфляцияға сыртқы қысымды төмендетті. Бірақ, ішкі факторлар бағалардың тұрақты төмен өсуіне әлі де кедергі келтіріп отыр.

«Ішкі факторларға инфляциялық күтулермен қатар тұрақты ішкі сұраныс пен фискалдық импульс те жатады. Осыны ескере отырып, біз алдыңғы айтылған риторикаға сәйкес шешім қабылдауда байыпты тәсілді ұстануды жалғастырамыз. Бүгінгі таңда біздің басты міндетіміз – инфляцияның тұрақты түрде төмендеуін қамтамасыз ету», - деді Ғалымжан Пірматов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде