{metadescription}
6 шілдеден бастап елдегі ХҚКО-лар жұмыс істемейді

6 шілдеден бастап елдегі ХҚКО-лар жұмыс істемейді

 6 - 9 шілде аралығында ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

«7 және 8 шілдеде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтайды. Бірақ кезекші ХҚКО-лар осы күндері қызмет алушыларды қабылдайтын болады», - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының сайтында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ 6 және 9 шілде күндері ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Ал 10 шілдеден бастап мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде, яғни 9:00-ден 18:00-ге дейін және кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.