Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жолақы қымбаттайды
Алматы қаласында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін. Ашық НҚА порталында осындай ұсыныс жазылған әкімдік қаулысы жарияланды.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
17:24 05.07.2023
Қаулы жобасына сәйкес Алматыда жолаушылар көлігіндегі тарифтерді қайта қарау және оларды қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге және қолма-қол ақшамен 200 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылды. Қазір жолақысы тиісінше 80 теңге және 150 теңгеге тең. Осылайша, төлем әдісіне байланысты жол жүру құны 25-33%-ға өседі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бүгінде қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлем әдісімен төленген кезде 80 теңге екенін түсіндірді. Тариф 2012 жылдан бері өзгермеген.
«Соңғы 11 жылда тасымалдаушылар көтеретін шығыстардың барлық баптары бойынша құн айтарлықтай өсті. Мысалы, дизель отынының құны 90 теңге болды, ал бүгінгі күні 295 теңгеге (+328%) тең, газдың құны 33 теңгені еді, ал бүгінгі күні 108 теңге (+327%) мөлшерінде белгіленген. Автобустардың құнын қоса алғанда, қалған шығындар бойынша да осындай жағдай. Бұл шығындар тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлеміне тікелей әсер етеді», - деді ол.
Айтуынша, 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін субсидиялар көлемі 13,8 есе - 6,9 млрд теңгеден 50 млрд теңгеге дейін өсті.
«Биыл субсидиялаудың болжамды көлемі - бекітілген тарифке сәйкес шамамен 85,5 млрд теңге. Осылайша, қоғамдық көліктегі тарифтің қолданыстағы құны сақталған жағдайда субсидиялау мөлшері жылдан-жылға ұлғаятын болады, бұл жергілікті бюджетке үлкен жүктеме түсіреді», - деп түсіндірді ол.
Есептеу әдістемесіне сәйкес қоғамдық көлікте орташа құн биыл 425 теңгеге өсетінін айтылды.
«Осыған байланысты 2023 жылы тарифтің құнын қайта қараудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге және қолма-қол төлеу кезінде 200 теңге мөлшерінде белгіленсін. Мұндай жағдайда субсидиялаудың болжамды көлемі 2023 жылы 10 млрд теңгеге қысқарады», - деп атап өтті басқарма басшысы.
Құжатта көрсетілгендей, Астанада тарифтің құны – 90 теңге және 180 теңге, ШҚО-да – 90 теңге және 130 теңге, Жамбыл облысында – 85 теңге және 130 теңге, Қостанай облысында – 100 теңге және 170 теңге мөлшерінде белгіленген.
Құжат 21 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылауда болады. Қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram