Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атыс болып, үш адам мерт болды
Техас штатының Форт-Уэрте қаласында болған атыс салдарынан үш адам қаза тауып, сегізі жарақат алды.
Фото: WFAA
19:32 05.07.2023
Атыс 4 шілде – АҚШ тәуелсіздігі күнін тойлау кезінде түн ортасында автотұрақта болды, деді полиция сейсенбі күні. Зардап шеккендердің бірі сол жерде қаза тапты. Екеуі ауруханада көз жұмса, 8 адам ауруханаға жеткізілді.
ABC News дерегінше, зардап шеккен тұрғындардың 10-ы ересек адамдар, біреуі – кәмелет жасына толмаған бала. Оқиға Тәуелсіздік күніне орай жыл сайын өткізілетін жергілікті ComoFest фестивалі аяқталған соң бірнеше сағаттан кейін Комо Форт-Уэрт ауданында болды.
Әзірге қанша адам оқ атқаны және неліктен оған барғаны белгісіз. Тұтқынға алынғандар туралы мәлімет таратылмады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram