{metadescription}
Қазақстан-Қытай шекарасында автобекеттер жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасында автобекеттер жұмыс істемейді

6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесіне байланысты 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ресми мәлімдемеде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде